Әке, сенің көздеріңде - даналық
Әр сөзіңнен бір әлемім жаңарып
Сенің сөзің - рух, демеу
Сенің тілеуің - маған тіреу
Маған биіктік жолың сенің
Лайық болу міндетім менің
Құлаған соң тұруды
Сүрінген соң жүруді
Неге ұрысып айтпадың, әке
Мұңайған соң күлуді
Өмірді дұрыс сүруді,
Неге ұрысып айтпадың, әке
Жетістікке жетуге
Кішкене уақыт қалды, әке
Армандар мақсат болғанша
Мақсаттар орындалғанша
Кішкене уақыт бер, әке
Болашаққа бағыт бер, әке
Армандар мақсат болғанша
Мақсаттар орындалғанша
Кішкене уақыт бер, әке
Болашаққа бағыт бер, әке
Жұрттың баласы бола алмадым
Болуға да тырыспадым
Сен маған оған ренжіп ұрыспағын
Сен болған соң менің ұлы ұстазым
Алыстың көріп тұрмын қыз жазын
Төменге емес биікке қойдым мақсатты
Бұл ісімді саған бәрі ұқсатты
Әке деген біз үшін тер төгуде
Кезекті бер енді сені көтеруге
Сен жетпеген жетістіктер
Енді менің мойнымда
Қанша қиындақ бар
Білмеймін жолымда
Бірақ бір білерім
Бәрі өзімнің қолымда
Армандар мақсат болғанша
Мақсаттар орындалғанша
Кішкене уақыт бер, әке
Болашаққа бағыт бер, әке
Армандар мақсат болғанша
Мақсаттар орындалғанша
Кішкене уақыт бер, әке
Болашаққа бағыт бер, әке
Армандар мақсат болғанша
Мақсаттар орындалғанша
Кішкене уақыт бер, әке
Болашаққа бағыт бер, әке
Бұл сөзді көп айтпасам да
Әкешім, мен сені жақсы көрем